Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды: «Зират және зиярат мәдениетіне» байланысты жиын өтті
02 сәуір, 2021 жыл 222 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ІҮ республикалық Имамдар форумында қабылданған «Зират және зиярат мәдениеті» құжаты кеңінен талқыланды.

Екі бөлімнен тұратын құжаттың таныстырылуына арналған жиынды  Қарағанды обылстық «Әнет баба» мешітінің  молласы Мирас Ерланұлы жүргізіп, құжаттың бірінші бөлімінде зират көтерудің үкімдері, зират көтеру мәдениеті, теңдік ұстанымы, құлпытас қою мәдениеті, зират құрылыстары мен кесене салу түрлерін түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, құжаттың екінші бөліміндегі зиярат жасаудың әдебі, зиратта ескерілуі тиіс жайттарға айрықша мән беру керек екенін тілге тиек етті. Жиынға Қарағанды  қаласы және облысқа қарасты аудандардың имамдары, діни қызметкерлер  қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.

Аталған құжаттар жұртшылық арасында орындалатын діни рәсімдерді бірізділікке келтіруге және зияткер имам мәртебесін беруге лайықты дін қызметкерлерін іріктеуге оң ықпалын тигізбек.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары