Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Әл-Машани» мешіті: «Добро» қарттар пансионатты зиярат етілді (фото)
29 наурыз, 2021 жыл 361 Басып шығару нұсқасы

Әсілі, дінімізде үлкенді құрметтеу – Алланы ұлықтаудың бір түрі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Ақ шашты, ақ сақалды мұсылман қарияны ізет тұту – Алланы ұлықтаудың бір түрі», – деген».(Әбу Дәуід, Әдәб 20). Расында, дінімізде Алла Тағаланы ұлықтау тек тілмен зікір ету немесе ертелі-кеш құлшылық етумен ғана емес, Алла разылығы үшін деп істелген әрбір игі іспен жүзеге асады. Ислам дінінің кереметтілігі міне, осыда жатыр.
Асыл дініміз бен салиқалы салтымыздың жас буынға қояр ең басты талаптарының бірі – жасы үлкенді ізет тұту. Ендеше, өзін мұсылманмын деп санайтын әрбір жастың Алла Елшісінің (с.ғ.с.): «Егер араларыңда еңкейген қарттар болмағанда, (істеген күнәларыңның кесірінен) бастарыңа толассыз бәле жауар еді»,( Бәйхақи, Сүннәтуль кубра,3-345.) деген хадисінің мәнін түсініп, көкейіне түйіп алғаны һәм соған қарай әрекет еткені жөн.
Осыған орай Қарағанды обылысынын бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы мен Қарағанды қалалық "Әл-Машани" мешітінің имамы Жанболат Жұматұрұлы қамқоршысы жоқ қарттарға арналған "Добро" пансионатты зиярат етті. Қарттарды Наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары