Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Раян» еріктілер тобына «Зекет» тақырыбында уағыз-насихат жүргізілді
17 наурыз, 2021 жыл 603 Басып шығару нұсқасы

Құран аяттары мен Пайғамбар ﷺ хадистерін жете түсінген ұлы бабамыз Шәкәрім Құдайбердіұлы жастық шақ жайында былай дейді:

Yш-ақ түрлi өмiр бар: бәрi де – мас,

Бiр рәуiштi болады шал менен жас.

Ең керектi дегенiң – ортаншы өмiр,

Түгел қолың жетпейтiн бiр жанталас.

Қапы өткiзбе сол кездiң бiр сағатын,

Өкiнiшi қалмайды, кетсе ағатың.

Күнi-түнi дей көpмe, ғылым iзде,

Қалсын десең артыңда адам атың.

Естеріңізге сала кетсек, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» бөлімінің жанынан «Раян» еріктілер тобы құрылған болатын. Бүгінде жастардан құралған белсенділер тобы облыстық мешіттің ұйымдастырған игі істеріне үлкен үлес қосып, ат салысып келеді. Бүгін, «Жастар ісі» бөлімінің Қарағанды облысы  бойынша жауапты өкілі Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы аталмыш еріктілер тобымен  келелі кездесу өткізді. Шара барысында ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет» қорының өкілі Джаримбетов Мұхит жастарға «Зекет» тақырыбында уағыз-насихат айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы  бойынша баспасөз қызметі

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары