Жастар-қоғамның қозғаушы күші. Яғни, мемлекеттің болашағы осы жастардың қолында. Қазіргі қоғамда Ислам атын жамылған жат ағым жетегіне кеткен бауырлармен жұмыс жасау күнделікті күн тәртібінде. Балқаш қалалық Әскери бөлімінде "Дін және салт-дәстүр сабақтастығы" аясында өткен кездесуге Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы Айтқазин Рауан қатысып қайтты.
Қазіргі таңда ислам атын жамылған түрлі жат ағым өскелең ұрпақтың санасын улауда. Осы жат ағымның шырмауына түскен жастарымыз дәстүрлі дін мен теріc ағымның ара жігін ажырата алмай жүргенін оратаға салып, жастарды осындай теріс ағымнан аулақ жүруге, ата-баба салт-дәстүрін құрметтеуге, ата-анаға құрмет көрсетуге, дін мен салт-дәстүрді сабақтастыра отыра өзіміздің имам Ағзам ӘБУ ХАНИФА мәзһабын ұстану керектігін айта келе жастарды қазіргі жаһандану заманында еліміздің өркениетті елдердің қатарына жету үшін тек қана материалдық тұрғыдан емес, рухани білімге де қатты көңіл бөлу керек деп басып айтты. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның негізгі жеті бағыты бойынша «Ихсан ілімі» негізінде ұлы тұлғалардың айтып кеткен нақыл сөздерімен сара жолдарын насихаттау арқылы елімізге, жерімізге нағыз патриот ұрпақ тәрбиелейтін боламыз деп, жастарды бірге болуға, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер