Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Данияр ет» ет дүкені сертификатын жаңартты
16 наурыз, 2021 жыл 697 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Абдрахман Ысқақ Рахимбекұлы дүкеннің басшылығына «ҚМДБ халал» сертификатын арнайы табыстады.
Қадағалау барысында күллі мұсылман қауымы үшін адал ас ұсыну мен дайындаудың жауапкершілгі мол екендігін айта кете, мекемеге ай сайын тұрақты тексеріс жұмысын жүргізетінін ескертті.
Дүкеннің өнімдері толық тексерістен өткізілді. Аталмыш кәсіпорын 1:2016 “Мал бауыздау және ет өңдеу” және 1:2015 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты бойынша қадағалануда.
Жауапты маманның қадағалауы мен  бақылауындағы «Ибраев» ЖК «Данияр ет» дүкенінің өнімдері толықтай «ҚМДБ халал» стандарты талаптарына сай.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз
Назира Байназар 

 

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары