Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Теміртау имамдары ақпараттық бағытқа басымдық бермек
10 наурыз, 2021 жыл 268 Басып шығару нұсқасы

Заманауи технологиялардың дамуы, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі пандемия жағдайында ҚМДБ тарапынан ақпараттық және қоғаммен байланыс бағытына ерекше көңіл бөлінуде. Осы мәселеге орай Теміртау имамдары бас қосып, ойларымен бөлісті.
 
​Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының төрағалығымен өткен жиналысқа жергілікті мешіттердің имамдары, ұстаздары, азаншылары және өзге де қызметкерлері қатысты.
 
​Естай Айтуғанұлы дін қызметкерлерін «Facebook», «Instagram» және т.б. әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде белсенді болуға шақырып, «Хикмет ТВ» студиясы мен «Muftyat.kz» сайты тарапынан шығарылып жатқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының, ҚМДБ-ның бөлім меңгерушілерінің, өңірлердің бас имамдарының, білікті ұстаздар мен РАНТ мүшелерінің онлайн дәрістерін кеңінен насихатталуына және жергілікті жамағатқа жеткізуге үлес қосу мәселелеріне назар аударуды тапсырды.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары