Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ: «ЖҰМАДАҒЫ ЖОМАРТТЫҚ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
26 ақпан, 2021 жыл 427 Басып шығару нұсқасы

Әлемді жоқтан бар еткен Алла тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын және адамдардың асылы, пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) салауаттар мен сәлемдер болсын!

Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Алла елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – деген. Бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде  ҚМДБ-ның Төрағасы Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ұйымдастырылып жатқан «Тайқазан» қайырымдылық жобасының жалғасы ретінде  «Жұмадағы Жомарттық» атты қайырымдылық шарасы жүзеге асты.

Игі шара ҚМДБ-ның  Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» секторының, Қарағанды облыстық «Зекет» қайырымдылық қорының, "Әйел қыздар" секторының бастамасымен және «Әнет баба» мешіті жанындағы «Бірлік» қайырымдылық қорының  ұйымдастыруымен жүзеге асты. Шара барысында «Жастар ісі» секторының өкілі Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы және «Зекет» қайырымыдылық қорының жауапты өкілі Мұхит Джаримбетов ұйымдастырылып жатқан берекелі шараның мән – мақсатын мен маңызын келген жамағатқа түсіндіріп,өздерінің өзек жарды тілектерін білдірді. Қасиетті жұма күні өткен берекелі шара барысында көмекке мұқтаж, әлеуметтік қолдауға зәру  елу отбасына  азық-түлік үлестірілді.  Айта кетейік барлық көрсетілген қайырымдылық көмек шаһарымызға қарасты жақын маңдағы ауыл тұрғындарына жеткізілді. Осындай қайырымдылыққа барша халықты үндеген шараны ұйымдастырған жандарға облыс тұрғындары өздерінің үлкен алғыстары мен ризашылықтарын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, жаңадан құрылған Қарағанды обылстық «Әнет баба» мешітінің жанынан ашылған «Бірлік» қайырымдылық қоры осы уақытқа дейін бірнеше іс-шараны жүзеге асырған болатын. Алдағы уақытта облысымызда «Жастар ісі» және «Зекет» қайырымдылық қорының мұрындық болуымен тағы көптеген игі жобаларды жүзеге асыру жосапарда.

Қайырымдылық жасасаң,

Қайырын өзің көресің, -  демекші Алла Тағалақандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйын еселеп жазғай! Ұлы Жаратушы  осындай сауапқа ұмтылуды баршамызға нәсіп етсін! Әмин!

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары