Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«ALGOS» өнімдері сертификатталды
13 ақпан, 2021 жыл 147 Басып шығару нұсқасы

Табиғи витаминді микробалдырлар мен сирек кездесетін антроцитті шикізат негізінде дайындалып, көпшілікке «ALGOS» сауда белгісімен танылған тағамдық қоспалар «ҚМДБ ХАЛАЛ» сертификатына ие болды.

Швециариялық «Bioteknistik» компаниясының «ALGOS» спирулині мен «Humi» аминқышқылды комплексі, бетке, шашқа, денеге арналған маскалары, органикалық сабындары тағы да басқа он түрлі өнімі «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты» бойынша сертификатталды.

Еліміздегі алғашқы, тірі спирулинді өндіретін «Algos» компаниясының өнімдері Алматы қаласында Швециариялық «Bioteknistik» биофабрикасында өндіріледі. Өндіріс аймағында бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, барлық өнімдері түгелдей дерлік лабораториялық зертханадан өткізілді. Технолог мамандар тексерісі мен лабораториялық зертхана нәтижесі бойынша «Algos» өнімдері құрамында шариғат және халал стандарт талаптарына қайшы келетін, тиым салынған қоспалардың жоқтығы анықталды.

«Algos» компаниясының елімізде ғана емес, Еуропа елдерінде де кең сұранысқа ие өнімі – тірі спирулиндері. Спирулин дегеніміз – суда өсетін, жасыл нүктелерге ұқсас микробалдырлар. Бұл нүктелер көп болған кезде, су бетіне қалқып шығады. Кейін биіктігі 20 см-дей қабат түзеп, осы қабатта спирулин өмір сүреді. Спирулинді өндіретін өзге кәсіпорындар оны жинап алып, кептіріп, тұтынушыларға құрғақ күйінде сататын болса, «Algos» компаниясы спирулинді тірі күйінде сататын жалғыз компания.

Екінші кең таралған өнімі – «Humi». «Humi» – әзірге аналогы жоқ, көмірдің ерекше түрінен алынған минерал негіздегі өнім. Оның негізгі әрекеті - детоксикация, токсиндерді организмнен шығару. «Humi»-ң басқа детокс өнімдерден артықшылығы – организімнен токсиндерді шығарып қана қоймай, жасушаларды пайдалы заттарды толықтырады және жаңа жасушалардың синтезделуіне жағдай жасайды. Осылайша, «Humi» өнімін қабылдаған кезде организм қалпына келіп, жасарта бастайды.

«Algos» компаниясының емдік-профилактикалық өнімдері «Халал Даму» тарапынан толықтай тексерістен өтіп, ресми түрде «ҚМДБ халал» сертификатына ие болғандығын хабарлаймыз!

WhatsApp Image 2021-02-10 at 10.54.41.jpeg

601fcf538b056356987072.jpg

WhatsApp Image 2021-02-12 at 12.46.32 (1).jpeg

WhatsApp Image 2021-02-12 at 12.46.33.jpeg

WhatsApp Image 2021-02-12 at 12.46.34.jpeg

WhatsApp Image 2021-02-12 at 12.46.36.jpeg

WhatsApp Image 2021-02-12 at 12.46.33 (1).jpeg

WhatsApp Image 2021-02-12 at 14.11.27 (1).jpeg

WhatsApp Image 2021-02-12 at 14.11.28 (1).jpeg

WhatsApp Image 2021-02-12 at 14.11.29 (1).jpeg

  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
muftyat.kz/

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары