Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды: «Ихсан – рухани жаңғыру мен кемелдік жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті (фото)
10 ақпан, 2021 жыл 484 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ тарапынан бегітілген жеті бағытының бірі де бірегейі – рухани тәрбие, «Ихсан ілімі» бағыты. Осы бағытта жүйелі жұмыс көрсету үшін ҚМДБ - ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен аталмыш тақырып аясында дөңгелек үстелдер, сүбелі сұхбаттар мен дәрістерді ұйымдастыру жоспарға алынды. Осы игі бастаманың бірі бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде өтті. «Ихсан – рухани жаңғыру мен кемелдік жолы» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге  ҚМДБ-ның Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы және ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жауапты маманы Бакирова Арай Серғалиқызы қатысты. Жиында облыс бас имамы әйел-қыздар жамағатына жалпы ихсан ілімінің мән мағынасын тереңінен түсіндіріп, мүміннің бойынан табылар көркем мінез бен кішіпейілділік, шынайылық пен тақуалық жайында әсерлі уағыз-насихатын айтты. Шара барысында келген қонақтарға облыс бас имамының  «Ихсан – рухани жаңғыру мен кемелдік жолы» атты мақаласы мен қасиетті Рамазан айы уақытының жақындағанына орай «Ораза- тәннің зекеті, Зекет-дүниенің берекеті» атты кітапшасы үлестірілді. Жиын соңында Құран оқылып, бата берілді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары