Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды облысы 7 бағыт бойынша арнайы жиын өткізді
20 қаңтар, 2021 жыл 320 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ҚМДБ-ның Төралқа мәжілісінде қабылданған 7 бағыт бойынша арнайы облыс, қала, аудан дін қызметкерлеріне  таныстыру жиыны өтті.

Жиынға Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, Қарағанды облысы әкімшілігі,  ішкі істер басқармасының басшысы Құсайнов Ерлан Бейсенбайұлы және  аудан имамдары мен діни оңалтуға жауапты мамандар қатысты. Өңірдің бас имамы 7 бағытқа және бұдан бұрын қабылданған үш құжатқа арнайы тоқталып, дін қызметкерлеріне бірнеше тапсырмаларды жүктеді.  

Сонымен қатар, биылғы жылға көптеген мақсаттар мен жоспарлар енгізіліп, жобалар талқыға салынды. Қабылданған әрбір құжат бойынша облысқа қарасты барлық аймаққа арнайы тапырмалар беріліп, істі жауапкершіліктпен атқару міндеті жүктелді. Айта кетейік, биыл Тәуелсіздікке 30 жыл  толуына орай арнайы жобалар мен шараларды жүзеге асыру алға қойылды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары