Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Төлеутай ата» мешітінің имамы жамағатпен кездесті (фото)
24 қараша, 2020 жыл 299 Басып шығару нұсқасы

Октябрь ауданының жаңадан ашылған «Төлеутай ата» мешітінде бас имам Мусин Сайлау Жұмағұлұлы жамағатпен жүздесіп, өзін таныстырды. Кездесу барысында Алла үйіне келген жамағатқа ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің құттықтау лебізін жеткізді. Жаңадан тағайындалған имам осы уақытқа дейін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мештінің жанындағы «Олжас Есенұлы» атындағы діни сауат ашу және қайырымдылық орталығында шәкірт тәрбиелеп,  тынымсыз еңбек етіп, адамгершілік зор қасиеттері мен ізгілігімен өңірімізде ислам дінінің өркен жайюына өлшеусіз үлес қосқан. Жиында имам қазіргі эпидемиологиялық канантиндік жағдайға байланысты мешіттің жаңа талаптары мен санитарлық ережелерін қатаң сақтауға шақырып, сақтық шараларын түсіндірді. Аталмыш мекенде алғаш рет бой көтерген мешітке Алланың ақ жолына бет бұрушылар,   келушілер қатары арта түседі деген оймен жаңа ғибадат үйінің ендігі қызметіне сәттілік тіледік!

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары