Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Жанқұтты би» мешітінде Мәуліт мерекесі атап өтілді
03 қараша, 2020 жыл 775 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылы "Жанқұтты би" мешітінің бас имамы Маханбетчин Берік Алпысбайұлының ұйымдастыруымен, мұсылман баласы үшін шаттық пен қуаныш күні - Мәуліт мерекесі аталып өтті. Исламдағы пайғамбарлардың ең соңғысы әрі ең үстемі Мұхаммедтің (с.ғ.с) туған күні рабиғәл-әууәл айының 12-інші жұлдызында тойланады.

571 жылы сәуірдің 20-сында рабиғәл-әууәл айының 12-інші жұлдызында Меккеде дүниеге келген Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) туған күнін тойлап, Алланың разылығы үшін мәуліт қасидасын айту барша мұсылман үшін жыл сайынғы ізгі дәстүр деуге болады. "Жанқұтты би" мешітінде биыл да жаны жақсылыққа құштар жамағат жиналып, мәуліт мерекесін атап өтті. 

Осы мерекеге орай, "Жанқұтты би" мешітінің шәкірттері арасында арнайы мәуліт күніне ұйымдастырылған Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с)  өмірбаяны жазылған" Адамзаттың асыл тәжі" атты кітабынан байқау өтті. Байқауға қатсықан шәкірттерге "Жанқұтты би" мешітінің бас имамы Берік Алпысбайұлының жетекшілігімен мешіт демеушілері тарапынан сый-сипатталды. Атап айтқанда 1-орын  жүлдегеріне қаржылай 30 мың теңге, 2-орынға 20 мың теңгеден екі адамға, 3-орынға 10 мың теңгеден үш адамға сертификаттармен діни мазмұндағы кітаптар берілді. Яғни, 1-орын Нұрдәулет Серікұлы
2-орын Бауыржан Ерханұлы,Тілек Социалұлы
3- орын Данияр Әблешұлы,Тілек Көмекұлы,ӘбуБакір Мұсаұлы. Одан бөлек жоғары нәтиже көрсеткені үшін ынтанландыру ретінде үш шәкіртке 5 мың теңгеден қаржылай сыйлықпен діни кітаптар ұсынылды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмір баянын сіңіріп, өміріне тиек еткен барлық байқауға қатысушы шәкірттерге ынтанландыру ретінде діни мазмұндағы кітаптармен мадақтау қағазы берілді. 

Іс шара соңында мерекелік ақ дастархан жайылып жақсылыққа жаны құштар жамағат жиналып Расулулллаһ еске алынып мәуліт қасидасы оқылды. 

Дастархан басында  мешітіміздің бас имамы жиналған жамағатқа уағыз-насихатын айтып, ақ тілектерімен жылы лебізін айтып, іс шараға ат салысқан барша жамағатқа алғысын білдірді. 
"Жанқұтты би" мешітінің жамағаттары пайғамбарымыздың (с.ғ.с)  туған күнін ерекше шаттықпен атап өтті.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары