Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бұқар жырау ауданы: көп балалы анаға көмек көрсетілді
28 қазан, 2020 жыл 205 Басып шығару нұсқасы

Имам Бұхари мен имам Мүслімнен келген хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жесір мен жетімге көмектесу Алла жолында жихад қылғанмен тең», – деген. Ал Имам Мажәһдан жеткен хадисте Алла елшісі (с.ғ.с.): «Жетім мен жесірдің ас-суы мен киім-кешегі үшін істегендер Алла жолында жихад қылған әрі түнін намаз оқып, күндізін ораза ұстаумен өткізген адам сияқты», – деген.

ҚМДБ-ның «әр аптаға бір шара» тапсырмасы аясында бүгін Қарағанды облысына қарасты Бұқар Жырау ауданында сауапты іс жүзеге асты.  Нақтырақ айтқанда, аталмыш ауданның «Жыржыс» қажы мешітінің бас имамы Рүстем Акошевтің ұйымдастыруымен жалғыз басты Жумажанова Айгүл есімді көп балалы көмекке мұқтаж әйелге қайырымдылық көмек көрсетіліп, құбыр тартылып, су кіргізілді.

Қазақ қашан да жесірін қаңғыртпаған, жетімін жылатпаған.  «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла тағала міндетті түрде оның орнын толтырады».
(«Сәбә» сүресі, 39-аят)

Алла тағала баршамызға осындай сауапқа кенелуімізді нәсіп етсін! Әмин!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары