Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

БАС МҮФТИ ЕЛОРДАДАҒЫ ЖАҢА МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)
10 қыркүйек, 2020 жыл 105 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес елордада бой көтеріп келе жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.

– Саябақ ортасында орналасқан мұндай ірі мешіт кешені әлемде жоқ. Мұнда тек құлшылық ордасы ғана емес, автотұрақ, мейрамхана, дүкен, мұражай орналасады. Елбасы айтқандай, елордадағы бұл мешіт мұсылман қауымының мақтанышына айналады. Сол күнге Алла жеткізсін! – деген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мешіт құрылысына атсалысып жатқан барша азаматтарға алғыс айтты.

Мешіттің жалпы көлемі – 57 мың шаршы метр. Мұнаралары – 130, ал күмбезінің биіктігі 90 метрге жетеді. Құлшылық үйіне 30 мың адам сияды. Бүгінде мешіттің бірқатар жұмыстары аяқталды, келер 2021 жылы мешіт құрылысы толық аяқталып, мұсылмандардың игілігіне беріледі. Алла қаласа бұл құлшылық ордасы Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт болмақ.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары