Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ: ЕСКІ ЖӘЙРЕМ МЕШІТІНЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ(ФОТО)
28 тамыз, 2020 жыл 411 Басып шығару нұсқасы

Күллі мадақ әлемдерді жаратқан Жаратушы Алла Тағалаға болсын! Адамзат баласына екі дүние бақытын көрсеткен ардақты елші Мұхаммед Мұстафаға (с.ғ.с.) сансыз салауаттар болсын!

Тәуелсіздік алғаннан кейін төл мәдениетімен, дәстүрімен, дінімен, жалпы ұлттық құндылықтарымен қауышқан Қазақстанда исламға бет бұру өте үлкен серпінмен етек алды.
Дін – халықты имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеп келе жатқан үлкен өркениет.
Бүгінде қалада да, далада да иманды­лық­қа ұйытатын, Алланы еске алып, тағзым ететін мешіттер қатары көбейіп келеді. ҚМДБ асыл дініміз Ислам үшін қарқынды жұмыс жасап келе жатқанына да биыл отыз жыл толмақ. Осы айтулы мерей-той қарсаңында облысымызда көптеген игі іс-шаралар жүзеге асу үстінде. Соның бірі жаңарған Жәйрем мешіті.                                                   Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды» – деген.                                                                                                                         Жәйрем кенті мешітіне қарасты ескі Жәйрем мешіті толық жөндеу жұмыстарынан өтті. Игі іс КАЗЦИНК комиссия демеушілігімен және жергілікті әкімшілікпен екеу ара меморандумға қол қойып,  келісім шартқа отыру арқылы іске асты.  Күрледі жөндеудің нәтижесінде мешіттің терезелері  пластик түріне ауыстырылып, жаңа есіктер қойылды. Едені толық ауыстырылып, бөлмелерге заманауи төбелер орнатылды (натяжной потолок). Сондай-ақ, шатыры мен күмбезі ауыстырылып, еденге жаңа линолиум төселді. Жылу беру жүйесі  380 мВт қа ауыстырылды. Мешіттің сырты сырланып, ауласы абатандырылды. Жалпы толық күрделі жөндеу жұмыстарына 8,5 млн теңге қаражат жұмсалды. Бақылау басқару жұмыстары бойынша аталмыш мешітке ат басын бұрған Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Хумар Қоныскерей мешіттің қазіргі тыныс-тіршілігімен танысып, бақылау басқару жұмыстарын жүргізіп қайтты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары