Бүгін Теміртау орталық мешітінің имамы Абдыгалиев Естай Айтуғанұлы Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне ат басын бұрып, облыс бас имамы Бекқожа Өмірзақ қажы Қазкенұлының қабылдауында болды.
Естеріңізге сала кетейік, Естай Айтуғанұлы шілде айында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Теміртау орталық мешітінің имамы болып тағайындалған болатын.
Бүгінгі облыс бас имамымен өткен кездесу барысында асыл дініміздің Теміртау шахарында өркендеп дамуы мен жергілікті халықтың діни сауаттылғын арттыру жолында қандай да іс-шаралар мен игі жобаларды талқыға салды. Сондай-ақ, алдағы уақытта жүзеге асатын жобалар мен істерді тілге тиек етті. Өз кезегінде облыс бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа қызметіне жаңадан тағайындалған имамға рухани-өнегелік мұраны, ұлттық дәстүріміз бен асыл дініміздің өзара сабақтастығын, сондай-ақ Қазақ халқының рухани мирасын бірлесіп дамытуға шақыра отырып, берекелі де табысты еңбек етуге тілектестік білдірді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер