Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қайырымдылық-асыл қасиет!
26 шілде, 2020 жыл 321 Басып шығару нұсқасы

Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. 

Ал қайырымдылықтың ең абзалы – мұқтаж жандардың қажетін өтеу. Мәселен: қарызы көптің қарызын өтеп беру, жетімдерге, мүгедектерге, қарттарға т.б. Сондай қайырлы істің бірі Қарағанды облысы, Нұра ауданына қарасты  Баршын  ауылында өтті. Тұрғындарға қайырымдылық жасалды. Атымыш ауылдың тумасы, Ауған соғысының ардагері, аудандық мәслихат депутаты Муханалиев Боранбай жергілікті 52 отбасына 348 келі жылқы етін теңдей үлестіріп берді. Осындай жаны жомарт, ел ағаларының, жанашыр жандардың сауапты ісін Алла Тағала еселеп  жазғай!   Алланың берген рызығынан аз да болса бір бөлігін Хақ Тағаланың разылығы үшін қайырлы істерге жұмсасақ, қоғамға тиер пайдасы мол болатыны сөзсіз.  

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары