Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қайырымдылық - қадірлі іс | Өспен ауылы | IHSAN.KZ
26 шілде, 2020 жыл 449 Басып шығару нұсқасы

 Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Садақа беру ешқашан байлықты кемітпейді», - деп айтқан.

Қарағанды облысы, Шет ауданы қарасты Өспен елді мекенінің жамағаты, жанашыр жомарт жандары үлкен қайырлы істі жүзеге асырды. Қолдауға зәру, мұқтаж отбасыларға азық-түлік үлестіріп, көп балалы аналарға, науқас жандарға қуаныш сыйлады. Көмек азық-түлік ретінде берілді. Атап айтқанда 400 литрден аса қымыз,70 кг құрт, 50 кг ірімшік, 20кг сарй май, және 10 шақты қойдың еті теңдей үлестірілді.

 Қазіргі алапат уақытта, сын сағатта онсыз да жағдайы төмен отбасылар азық-түлік жағынан қысым көруде. 

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.): «жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – дегенін  ұмытпайық. Бес күндік пәни дүниеде қайырлы іс жасап, көп балалы отбасына, балалар үйіне, қарттар үйіне аса көңіл бөлейік.

Осы жалған өмірде қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы Алла тағаланың жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуге жазсын. Алла тағала осындай сауапқа ұмтылуды баршамызға нәсіп етсін! Әмин!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары