Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕДІ
20 шілде, 2020 жыл 421 Басып шығару нұсқасы

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Мал – мүліктеріңді зекетпен қорғаңдар, ауруларыңды садақамен емдеңдер және бәлеге қарсы дұға әзірлеңдер» - деген. Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешіті, "Зекет" қоры, "Ана-Мама" , "Батыл жүрек" қайырымдылық қорлары мен " Асыл аналар" қоғамдық бірлестігінің ұжымдасуымен карантин кезінде сауапты іс атқарылуда. Әр күні 170 адамға арналған ыстық тағам қаламыздағы Сакен көшесіндегі 11,13 және Охотская көшесі 2,  Мақажанов атындағы ауруханасындағы медицина қызметкерлеріне тегін тасымалдануда. Тағам даярлауға Күнгей ықшам ауданы мен Шөптікөл ауылының тұрғындары ерікті түрде отбасы мүшелерімен қолғабыс тигізіп отыр. Бүгін облыстың бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа осы игі іс аясында халқымызды індеттен айықтыруға Аллаға дұға жасап, жамағат атынан екі қойды құрбандыққа шалды. Облыстық Дін істері басқармасының мамандары мен ақпарат құралдары игілікті шараға тілектестік білдірді.  Хазіреті Әли (р.а) келген риуаятта: «Алла Елшісі (с.а.с) б: «Садақа беруде асығыңыздар, өйткені, жамандық садақаның алдына өте алмайды»,-  деген. Осындай сын сағатта атқарылатын сауапты істер мен қайырымдылық шаралары төтенше жағдай тұрақталғанға дейін жалғасады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары