Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

БАС МҮФТИ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛУДІ МІНДЕТТЕДІ
06 мамыр, 2020 жыл 42 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ-ға қарасты имам-ұстаздардың лауазымдық міндетін тағы бір жаңа міндетпен толықтырды.

Бас мүфти бұйрығы бойынша ҚМДБ қызметкерлері, республикалық маңызы бар (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент) қалалардың, облыстардың бас имамдары мен наиб имамдары, қала, аудан, ауыл имамдары мен наиб имамдары және ұстаз, азаншы, молдалардың мемлекеттік тіл – қазақ тілін білуі міндеттелді. Одан бөлек ресми тіл – орыс және Құран тілі – араб тілін білуі қажет.

Біздің еліміз Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Қазіргі таңда ҚМДБ-ның имам-ұстаздары қатарында өзге ұлт өкілдері де бар. Сондықтан олардың мешіт жамағатымен алтын көпір орнатуы үшін мемлекеттік тілді білуі маңызды.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары