Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Шын мәнінде дұға – ол ғибадат»
01 мамыр, 2020 жыл 160 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның үндеуі аясында Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының нұсқауымен қала, аудан имамдары қасиетті жұма күні бір мезетте Жаратқаннан тілек тіледі.

         "Біз-біргеміз, тілегіміз-ортақ" деген игі бастама аясында күллі адамзаттың амандығы үшін алақан жайып, Алла тағаладан  дертке шипа, бойымызға төзімділік пен сабырлық, елімізге береке мен бірлік, тұрақтылық пен діни тұтастық тілеп дұға жасалды.   Құлшылық пен дұға мұсылманның сипаты және оның болмысы. Сондай-ақ Алла тағаланың құлына өте жақындығы турасында Құран Кәрімнің Бақара сүресі, 186 - аятында былай баяндалады:  "(Мұхаммед с.ғ.с) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: Мен оларға өте жақынмын, тілек тілеушінің дұғасына жауап беремін." деген.

Яғни, Алла тағалаға шынайы сеніммен мінәжат жасап, ықыласпен дұға қылса, оны естіп, міндетті түрде дұғасына жауап қайтарады.

         Иә, «Шын мәнінде дұға – ол ғибадат». Алла тағала шын ықыласпен тілеген дұға-ғибадаттарымызды қабыл етсін! Әумин.

.

          

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары