Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Рамазан айында берілетін пітір садақасы мен зекетті ForteBank мобильді қосымшасы арқылы да аударуға болады.
«Қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймыз. Пітір садақа мен зекетті енді ForteBank-тің мобильдік қосымшасы арқылы онлайн төлеуге болады:
Үйде қалыңыз! Денсаулықтарыңызды күтіңіздер!» делінген ForteBank мәлімдемесінде.
Айта кетейік, төлем кез-келген картадан, оның ішінде басқа банктердің карталары арқылы да жүргізіледі. Сіз садақа аударған кезде қосымшада көрсетілген мешіттердің пошталық мекен-жайына садақаның түрі, берген күніңіз және садақаның құны көрсетілген файл жіберіледі.
Биылғы пітір садақа көлемі жан басына 370 теңге болып бекітілгенін еске саламыз. Ораза қабыл болсын!
muftiyat.kz
Пікірлер