Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: 11 МАМЫРДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІ АЯҚТАЛАДЫ
27 сәуір, 2020 жыл 40 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына мәлімдеме жасады. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент мәлімдемесінде төтенше жағдай кезінде халыққа көрсетілген көмектер, шағын және орта бизнеске бапғытталған мемлекеттік қолдаулар туралы айта келіп, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында шұғыл шаралар қабылданғанын тілге тиек етті.

«Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдадым. Бұл – біз бастан өткеріп жатқан күрделі кезеңнің талабы. Заңға сәйкес 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады» деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ел тұрғындарын бұл шараларға түсіністікпен қарауға шақырды. «Халқымызда «Төзім тілекке жеткізеді» деген мақал бар. Сондықтан сабыр сақтайық» деді Президент.

Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев күннің жылынуы мен карантиннен шаршағандық жауапсыздыққа себеп болмауы керектігін еске салып, карантин режимі бұзылса, коронавирусқа шалдыққандардың саны күрт көбейіп кетуі мүмкін екенін алға тартты.

«Карантин шараларын қатаң ұстансақ қана індеттен құтыламыз. Аса қажеттілік болмаса, ешқайда шықпай, үйде отырыңыздар. Бұл, әсіресе, қазіргі қасиетті Рамазан айында өте маңызды. Осы кезеңнің де асыл мұраты – шыдам мен төзім, сабыр мен қанағат екенін білесіздер. Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Оразада бірқатар рәсімнен тартынуды ұсынды. Сондықтан осындай уақытта ауызашардың өзін көпшілікпен бірге өткізе алмайтынымыз белгілі» деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінің толық нұсқасын мына жерден оқуға болады.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары