Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ерлан Нығматулин: "YDD Corporation" зауыты төтенше жағдайға қатысты 100 миллион теңге бөлді
26 наурыз, 2020 жыл 9 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жолдап, осынау қиын кезеңде ел-жұртқа көмектескісі келетін және жәрдем бере алатын адамдардың қаражаты жинақталатын Республикалық қор құруды ұсынған болатын. Осы маңызды үндеуді қолдау әрбір елім деген азаматтың қоғам алдындағы асыл борышы екендігін ұғынған мүмкіндігі бар жандар елдің игілігі үшін қайырымдылық істерін жұмылдырып жатыр. Бұндағы мақсат - азық-түлік пен ең қажетті тауарлардың, медициналық мақсатқа арналған заттардың тапшылығына жол бермеу. Осынау сын сағатта сауабы мол ортақ істен сырт қалмаған Қарағанды қаласының "YDD Corporation" зауыты мемлекет тарапынан төтенше жағдайға қатысты құрылған облыстық қорға 100 миллион теңге бөлді. Мекеме акционерлері Ерлан Нығматулин, Давид Кемертелидзе, Жармухамед Аппаз осындай игі істерімен қалыптасқан қиындықты еңсеріп, дамудың жаңа кезеңіне  нық аяқ басуға өз үлестерін қосты. Адамзаттың асылы болған Мұхаммед пайғамбар с.а.у: "Адамдардың ең қайырлысы ол өзгеге пайдасы тигені" , "Кімде-кім жақсылыққа жол сілтесе сол үшін сауапты болады", деген. Құранның Кәрімде: "Жақсылыққа жарысыңдар..." делінген. Дана халқымыздың да жиі қолданылып отыратын ұлағатты сөздерінің бірі: «Кең болсаң – кем болмайсың» деудің  мәніне үңілсек адам бойындағы жомарттық, қайырымдылық қасиеттерді меңзеп отыр. Бұған дейін де Қарағанды аймағындағы діни істердің өркендеуіне тиісті үлес қосып, қолдау танытып жүрген Ерлан Нығматулин әркез игі істердің ұйытқысы болып жүрген азамат. "Біз біргеміз!" деген ұранның өміршеңдігін ескеріп, қиындықта қол ұшын беріп, бойына сіңген асыл қасиетті мәрттікпен сабақтастырған осындай азаматтардың қатары көбейе түседі деген үміттеміз.

Ақпарат "Zakon kz" ақпараттық порталынан алынды

 

 

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары