Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бас мүфти «Biz_birgemiz» қайырымдылық керуеніне қатысты (ФОТО)
23 наурыз, 2020 жыл 16 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Наурыз мейрамы қарсаңында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елорда имамдарымен бірге «Biz_birgemiz» атты қайырымдылық керуеніне қатысты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осынау қиын сәтте елге қайырымдылық бағытта үлес қосайық деген Үндеуіне Әзірет Сұлтан мешіті мен Астана жастары еріктілер тобы да үн қосты.

Қайырымды шараны батамен ашқан Бас мүфти сын сағатта көпшілікті үлгі болуға шақырып, еріктілердің еңбегіне ризашылығын білдірді. Осылайша Наурызбай қажы Тағанұлы өзі бастап, бөлінген азық-түлікті мұқтаж отбасыларға табыстап Наурыз мерекесімен құттықтады.

Өз кезегінде қажетті азық-түлікке қол жеткізген жандар алғысын жаудырып жатты. Айта кетейік мұндай игі шара еліміздің екі ірі қаласында жалғасын табуда.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары