Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарттарға қайырымдылық жасалды
14 наурыз, 2020 жыл 124 Басып шығару нұсқасы

Сауап ниетімен жасалатын қайырымдылық - мұқтаж жандарға көрсетілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Ізгі ниетті жандардың айналадағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Халқымыз өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулыған. Осы орайда қала іргесіндегі "Күнгей" мешітінің имамы Абдрахманов Ысқақ ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесінің қарсаңында "Забота" қайырымдылық мекемесіндегі қарт тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, төсек орынға арналған жабдықтар мен киім-кешектер, азық-түлік тарту етті.  Мешіт имамы қарияларға ережеп айының ерекшеліктері мен имандылық турасында насихат айтып, көнекөз қарттарға шынайы тілегін білдірді. Еріктілер тобынан құрылған өнерпаздар мерекелік ән шашу арнады. Ислам діні бір адамның жеке басының пайдасы емес, тұтас қоғамның, халықтың пайдасы мен өркендеуін, сол арқылы әрбір тұлғаның да өсуін көздейді. Мал-мүліктің шынайы иесі Алла тағала дүниені адамдарға пайдалану үшін беретіні сөзсіз. Сондықтан мүмкіндікке ие болған адам оны пайдаға асырып, басқалардың да игілігіне қолдануы қажет деп тапқан Ысқақ имам сауапты істі тағы да өркендетті.

 

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.