Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

"Зекет" қоры мен "Жастар ісі секторы" жетімдерге қамқорлық қолын созды
10 наурыз, 2020 жыл 40 Басып шығару нұсқасы

         Қазақ халқы: "Жетім көрсең жебей жүр" жүрекжарды ұлағатты сөзді ұрпақ бойына сіңіріп, оны тұрмыс тіршілігінде жүзеге асырып отырған. Қоғамдағы жетімдерін жәутеңдетпей қанатының астына паналатып, қатарға қосылуына үлес қосқан. Құран Кәрімде: "(Ей Мұхаммед!) Олар сенен жетімдер туралы сұрайды. «Оларды түзелткен жақсы (яғни, жетімдерді тәрбиелеп өсірген жақсы, жетімнің әкесінен қалған мал-мүлкін қорғап, бағып берген жақсы), олармен араласып (өмір сүріңдер) жасаңдар.",- деген. Тағдыр талқысына түскен жетімнің көңіліне қарасса, олардың жағдайларына болысса, жетімнің басынан бір сипағанда алақаныңызға қанша шашы тисе сонша сауап жазылады.

         Осындай сауабы мол істе Қарағанды облысының "ЗЕКЕТ" қоры мен "ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫ" бірлесіп қаламыздағы  екі бірдей жасөспірімдер мен балаларға арналған коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қайырымдылық көмек көрсетті. Тұрақты қарым-қатынас жасап отыратын мекемеге барған дін қызметкерлері Джаримбетов Мұхит, Мұсабеков Нұржігіт балаларға қажетті тұрмыстық бұйымдар, киім-кешектер мен тәтті тағамдар тарту етті. Жабырқаған балалардың көңілдерін көтеріп, олармен өзара сұхбаттасып жігерлендірді. Қайырымдылық пен жомарттықтың, ізілік пен қарапайымдылықтың қанатын кеңге жайған "Әнет баба" мешітінің басшылығына мекеме тұрғындары шексіз алғысын жеткізді.    

    

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары