Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Шәкірттер Құран жаттап жарысты
09 ақпан, 2020 жыл 18 Басып шығару нұсқасы

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Жұмабайұлының тапсырмасымен Науан хазірет мешітінде Көкшетау қаласы мешіт шәкірттері арасында Құран жарысы өтті.

Бұл – сайыстардың ең тағылымдысы. Себебі Алланың кәләм сөздерін жүрекке тоқып, жатқа оқу әсте оңай емес.

Байқау қатысушыларына «Тілеулес қажы» Құран жаттау орталығының директоры Теміржан Мұратов, Науан хазірет және Жақия қажы мешіттерінің наиб имамдары Азамат Құсайынов пен Серікжан Камалаш әділқазылық етті. Таланты жоғары шәкірттерді саралады.

Осылайша жарты пара Құранды жатқа оқығандар арасында бас жүлде Наурызбай Марқашқа бұйырса, Қуаныш Сейдәлиев және Нұрберген Тұрсынбай қалған жүлделі орындарды иеленді.

Ал 30-ыншы параны жатқа айтқандар да өздерінің біліктіліктерін көрсетсе, солардың ішінде он екі жасар шәкірт Әбілмансұр Кенжеғара  алдына жан салмады. Бұл аталымның кейінгі марапаттарына Еламан Дархан және Диас Мамырбек ие болды.

Жүлдегер атанғандар ақшалай сыйлықтармен марапатталып, арнайы дипломдар табыс етілді.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары