Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Төріңнен қарт кетпесін
30 қаңтар, 2020 жыл 49 Басып шығару нұсқасы

Халқымызда  «Төріңнен қарт кетпесін» деген даналық сөз қалған. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз. Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітіне қарттар үйінің тұрғындары мен мүгедектер қоғамынан қария кісілер жиі келіп тұрады. Зияраттап келген қарттарды мешіттің наиб имамы, "Жастар секторы" бөлімінің жауапты өкілі Нұржігіт Оразалыұлы арнайы құрметпен қарсы алып, сырлы сұхбат жүргізуді дәстүрге айналдырған. Асыл дініміздің рухани құндылықтары мен тарихи оқиғаларынан насихат айтып, қарттармен бірге Жаратқаннан жәрдем тілеп дұға жасауды да назардан қалдырған емес. Қазіргі кезде мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріліп, көңіл аударып, жан- жақты қамқорлық жасалуда. Осы қамқорлық аясында ардақты қарияларымыз да Алланың үйіне келіп бір сәт жан жылуын сезініп, өздерін жылы қарсы алып, көрсетілген құрметке марқайып, мешіт ұжымына ризашылығын жаудырды. Біз де қамкөңіл қарияларға жан жылуын, жақындарының қолдауын, денсаулық және ұзақ ғұмыр тілейміз!

 

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары