Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Дінаралық татулық - тұрақтылық кепілі
27 желтоқсан, 2019 жыл 44 Басып шығару нұсқасы

Тәуелсіз еліміздің тұтастығы мен өзара рухани келісімнің үйлесімі адамзаттың берекелі өмір сүруіне бастайды.  Татулығы мен ауызбірлігі, достастығы мен құрметі бір арнаға түйіскен сара да негізгі жолдардың бәрі – мәдениеттер мен діндердің өзара үн қатып, тілдесуімен адамзат қоғамы ұлттар мен ұлыстар қақтығысын болдырмаудың басты құралы бола алады. Осы орайда Қарағанды облысының Бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы  Католик ғибадатханасының епископы Аделио дель Оро мырзаны діни мерекелерімен құттықтап, өзара үнқатысып сұхбаттасты. Бұдан бұрын да ұлық мереке Құрбан айтында мешітке келіп, құттықтауын білдіретін Аделио дель Оро мырза Бас имамның құттықтауын ыстық ықыласпен қабыл алып, діни тұрақтылық пен түсіністіктің қоғамдағы ролі турасында әңгімелесті.

         Қасиетті Құранда: "Бұрын кітап түсірілген адамдармен өте сыпайы сөйлесіңдер. Ал олардың арасындағы керібаққандардың жайы басқаша. Біз өзімізге берілген кітапқа да, сендерге берілген
кітаптарға да иландық. Сендердің тәңірлерің де, біздің Тәңіріміз де біреу-ақ. Біз бір Аллаға ғана бойсұнғандармыз деңдер…"
(Құран Кәрім. «Ғанкәбут» сүресі, 46-аят) делінген.

         Аллаға шүкір қазақ жері діни қақтығыстардан аман-есен жаңа ғасырда берекелі өмір сүріп отыр. Ұлан-байтақ жері, көп ұлтты халқы бар еліміздегі дінаралық және этносаралық толеранттылық жаңадан ғана пайда бола қалған жоқ. Бұл ата-бабаларымыздың салып кеткен сара жолы. Қазақ халқының өткен ғасырларда көшпелі өмір салтын ұстана отырып, басқа халықтармен байланыс жасап, өз қандастарына ғана емес басқа да ұлттар мен ұлыстарға қонақжайлық пейілін таныта білген.



 

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары