Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

50 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ ДІНИ САУАТ АШТЫ
24 желтоқсан, 2019 жыл 22 Басып шығару нұсқасы

Еліміз бойынша мешіттер жанындағы діни сауат ашу курстарында 50 мыңға жуық адам дәріс тыңдаған. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни білім және кадр даярлау бөлімінің басшысы Бейбіт Мырзагелдиев мәлімдеді.

«Осы жылы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс өкілдіктері бойынша, діни сауат ашу курстарында 32 841 ер және 16 949 әйел білім алды. Жалпы саны 49 790 адам сауат ашты. «Имани жаз – 2019» жазғы діни сауат ашу курстарында 20 721 ер, 10 014 қыз, жалпы саны 30 735 бүлдіршін Ислам негіздері туралы дәріс алды. ҚМДБ-ға қарасты діни оқу орындарын тәмамдаған 494 түлекке диплом берілді. Имамдардың білімін жетілдіру институтында 137 дін қызметкері білімін арттырды. Өңірлік имамдардың білімін жетілдіру курстарында 1 724 қызметкер білімін жетілдірді» деп атап өтті Б.Мырзагелдиев.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары