Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қала имамы "Шапағат" медальімен марапатталды
19 желтоқсан, 2019 жыл 165 Басып шығару нұсқасы

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай қаламыздағы "Балақажы" мешітінде көп жылдардан бері еңбек етіп келе жатқан имам Нуров Махмуд қажы мемлекет тарапынан «Шапағат» медальімен марапатталды. Қоғамда ізгі істерімен құрметке ие болған имамды Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жеке қабылдап, мұсылман қауымының атынан құттықтап, өкілдік тарапынан алғыс хат табыстады. Мемлекетіміздің асыл дініміздің дамуына көрсетіп отырған қолдауы және діни істерді өрістету турасында өзара сұхбат жасалды. Осынау марапатпен құттықтай отырып берілген алғыс хатта: "Тәуелсіздігіміздің тұғырлы белестерінде, діни салада жеткен жетістіктерімізде Сіздің белсенді қызметтеріңіз бен ізгі іс-шараларыңыздың қолтаңбасы жатыр. Ұлтымызды имандылыққа ұйытып, халқымызды игілікке бастап, асыл дініміздің абыройын асқақтатқан дін жолындағы қажырлы қызметіңіз үшін Сізге айрықша алғысымды білдіремін. Алла тағаладан деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, сауапты қызметіңізге абырой мен береке тілеймін." -делінген.

                                                                                                

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары