Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

НҰР-СҰЛТАН: 8 300 адамның сұрағына жауап берілді
06 желтоқсан, 2019 жыл 112 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Алматыда басталған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Нұр-Сұлтан қаласы бас имамының бірінші орынбасары Марат Дәлелханұлы 2019 жылы атқарылған іс-шаралар есебі туралы Бас мүфти Серікбай қажы Оразға баяндап берді.

«Биылғы жылдың басты оқиғасының бірі – республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті жанынан 33-30-30 Діни ақпарат беру call орталығының іске қосылуы. Жыл басынан бері Елордамыздағы ең білікті дін қызметкерлері 24 сағат бойы 8 300 сұраққа жауап берді. Бұдан бөлек мешітке келген 900 адамның сауалына қатысты пәтуа берілді» деп атап өтті М.Дәлелханұлы.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары