Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

"Рухани жеті қазық" қағидалары насихатталып, жамағатпен мәуліт оқылды
31 қазан, 2019 жыл 45 Басып шығару нұсқасы

Алланы бір деп мойындаған мұсылмандар жыл сайын «мәуліт түні» болып саналатын мезгілде мәуліт оқып, Алла елшісіне с.ғ.с салауаттар арнайды. Мәуліт - туған сәт дегенді білдіреді. Бұл кеште пайғамбарымыз с.ғ.с туған кездегі байқалған құбылыстарды, мұғжизаларды айту, тыңдау, үйрену өте сауапты іс. Пайғамбарымыздың с.ғ.с дүниеге келуін, миғражы мен өмірі туралы айту, оны еске түсіру, оның сүннетіне еліктеуге шақыру Аллаға ұнамды сауапты іс. Бір нәрсені қатты жақсы көрген адам, әрине оны көп есіне алады. Бұл түні Алла ризалығы үшін мәуліт отырысын жасап, мәуліт оқу, салауат айту, дәмді тағамдар ұсыну, жақсылықтар жасау мүстахаб болады. Осы мақсатта Қарағанды қалалық "Әл-Машани" мешітінде имам Қабылбек Әліпбайұлының ұйымдастыруымен "Мәуліт мүбарак болсын!" тақырыбымен рухани кеш өтті. Мешіт асханасында өткізілген ізгі іс-шараға 200-ден астам кісі қатысты. олардың қатарында мешіт жамағаттары, студент жастар мен мұқтаж жандар болды. Арнайы құрметті қонақ ретінде қатысқан Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің Бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы мұсылман қауымын Мәуліт айының келуімен құттықтап, мәулітті атап өтудің мағынасы мен "Жеті рухани қазық" қағидаттарын насихаттады. Құрметті қонақтар қатарында сөз алған "Балқажы" мешітінің имамы Махмуд Нурұлы салауат айтудың сауабы жайында тәлімі мол уағыз айтты. Осы кештің өзіндік ерекшелігі мен Алла елшісінің с.ғ.с өнегелі өмір жолынан дәйектер келтірген имам Қабылбек Әліпбайұлы жамағатты Құран үкімдері мен сүннеттен берік ұстауға шақырды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі мақсаттарының бірі - мұсылман ішіндегі өзара береке мен бірлікті нығайту және діни түсінікті арттыру болып табылады.  Осы рухани кеш мақсаты айқын, бағыты анық мұсылманның бауырмалдығын арттыра түсті.

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары