Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

"Рухани келісім - тұрақтылық кепілі
22 қазан, 2019 жыл 39 Басып шығару нұсқасы

Халқымыздың дәстүрлі мәдениеті мен қазақ халқының болмысындағы ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан рухани мұраттарға тұғырланатын негіздер біздің елімізде өркен жайып келеді. Қоғамда қалыптасқан көзқарастарға төзімділік таныту, әртүрлі діндер мен ұлт өкілдерінің дәстүрлі рухани және мәдени құндылықтарын ұқыптылықпен қабылдау, біртұтас халқымыздың ділі мен рухының ашықтығы бүгінгі Қазақ елімізде рухани келісімнің тұғыры болып қалыптасты. Еліміздегі мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара көркем қарым-қатынасы діндарлардың діни сенімдерін сыйлауға, өзара түсіністікке қол жеткізуге және әріптестік қатынастар орнатуға негізделген. Аллаға шүкір, ар-ождан, діни сенім бостандығын және ой еркіндігін қамтамасыз ету үшін мемлекетімізде барлық жағдай жасалған. Жыл сайын белгілі күнде аталып өтетін "Рухани келісім" мерекесінде қаламыздағы діни бірлестіктер мен ұлт өкілдерінің келелі басқсосуына Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы қатысып, рухани келісім мен діни тұрақтылықтың маңызын атап өтті. Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен жиында мемлекеттің дінге қатынасы туралы, дін саласындағы өркениетті  мәселелер, өзара ортақ үнқатысу мен дін тұрақтылығы айтылды. Конституциямызда дін мемлекеттен бөлінген зайырлы мемлекет екендігі нақты айқындалғанмен, мемлекеттің дінге қатынасы туралы айтқанда, дін саласындағы өзекті мәселелер мем­лекет тарапынан тыс қалмайтындығы бүгінгі таңда өміршеңдігін көрсетіп келеді. Бұл дегеніміз - Қазақстан қоғамында берік орныққан рухани келісім халқымыздың мәдени және рухани өмірінің дамуын,  сондай-ақ, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін өзге де діндерді сыйлауға үндейді. Жиында сонымен қатар, ұлттық және діни жәдігерлерден құралған тарихи мұралар көрмесі көрсетілді. Облыстық "Әнет баба" мешітінің наиб имамы, "Жастар секторының" жауапты өкілі Мұсабеков Нұржігіт көрмедегі тарихи құндылықтардың мәнісін қонақтарға таныстырып берді. Берері мол басқосуда өз ой-пікірін, көзқарастарын жеткізіп, өзара ықпалдастық жасаған қатысушылар бір-бірімен ынтымақтасып тарқасты.

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары