Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

"Дініңді сақта, салтыңды сатпа, сеніміңді ақта. Ел болашағы - жастар!"
21 қазан, 2019 жыл 30 Басып шығару нұсқасы

Қазіргі кезде салауатты өмір салтын сақтау туралы көп айтылып қана қоймай, оны іс жүзіне асыру жолға қойылып келеді. Дегенмен, осы салауатты өмір салты дегенді әркім әрқалай түсінеді.
Салауатты өмір салты дегеніміз - денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау ғана емес, денсаулыққа жағымсыз әрекеттерден (нашақорлық, шылым шегу, ішімдік ішу, улы заттарға әуес болу) аулақ болу. Салауатты өмір салтын сақтау сонысымен бағалы. Осы негізде қаламыздағы "Еңбек" спорт кешенінде Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің ұстазы Әділмұрат Нұрбол жастармен кездесу өткізіп, салауатты өмір мен рухани сипаттардың сабақтастығын насихаттады. Кездесу "Дініңді сақта, салтыңды сатпа, сеніміңді ақта. Ел болашағы - жастар!" тақырыбында болды. Нұрбол ұстаз дене мен ой тәрбиесі қатар жүргенде адам өмірінің мәнісі болатындығын жастарға кеңінен атап өтті.  

 

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары