Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚМДБ: АНКАРА УНИВЕРСИТЕТІМЕН ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫС АРТАДЫ
04 қазан, 2019 жыл 246 Басып шығару нұсқасы

Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов бастаған қазақстандық делегация Анкара университеті теология факультетінің деканы, профессор, доктор Ысмайыл Хаккы Үнал мырзамен кездесті.

Кездесуге ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан, Баспа және аударма бөлімінің меңгерушісі Мұрат Манапұлы, Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділла Бекжігітов, баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы қатысты.

Басқосуда факультет деканы оқу ордасының білім жүйесімен таныстырып, ҚМДБ қызметкерлерінің көкейде жүрген сұрақтарына жауап берді. Тараптар жан-жақты білім алған, тәрбелі, мәдениетті, иманды, отаншыл, бірлік пен игіліктің насихатшылары болатын жастар қатарын арттырудың жолдары мен жоспарын талқылады.

Кездесу соңында тараптар білім саласы бойынша екіжақты әріптестік байланысты арттыруға келісім жасады.

http://www.muftyat.kz/

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары