Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ашура кешінде ауызашар берілді
11 қыркүйек, 2019 жыл 670 Басып шығару нұсқасы

Мұсылмандық Һижри жыл санауы мухаррам айы – барша мұсылман қауымы үшін  маңызды күнтізбе. Себебі, ислам тарихындағы маңызды оқиғалардың барлығы және жыл басы осы күнтізбе бойынша есептеледі. Бүгінде  мұсылман елдері бұл айды ерекше қастерлеп, өзіндік мәнісімен өткізеді. Бұл айда жақсы амалдарды арттырып, мұсылман бауырлар да Аллаға құлшылық етуде басымдық береді. Құран Кәрімде: «Расында Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың Кітабындағы айлардың саны он екі ай. Бұлардан төртеуі қасиетті айлар. Міне осы - берік дін. Ендеше, бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер! ...Алланың тақуалармен бірге екенін біліңдер!» (Тәубә сүресі, 36-аят).

Әр айдың өзіндік шоқтығы болатыны секілді Мухаррам айында қасиетті Ашура күні бар. Ол күн айдың оныншы күніне тура келеді. Бұл күні нәпіл оразалар ұсталып, қосымша құлшылықтар атқарылады. Осы орайда Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде бас имам Қабылбек Әліпбайұлы ауыз бекіткен жамағатқа арнап ауызашар кешін өткізді. Берекелі кешке жиналған қауымға мухаррам айының артықшылықтары мен нәпіл құлшылықтар турасында, қоғам өміріндегі мұсылмандық тұлғаның бейнесі жайында насихат айтты. Құран оқылып ел тыныштығына бата жасалды. Бүгінгі таңда ынтымақ пен берекенің бастауы болып отырған мешіттердің негізгі мақсаты – қоғам өміріндегі тұтастық пен бірлікті сақтау. Береке мен бірлігі жарасқан жамағаттың басын біріктірген кеш осы құндылықты бекемдей түсті.

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары