Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ата заң һәм адамның ар-ожданы
30 тамыз, 2019 жыл 116 Басып шығару нұсқасы

30 тамыз – еліміздің әр азаматы үшін айтулы күн. Бұл – баршаға ортақ мереке – Конституция күні. Елдің Ата Заңы, мемлекеттің нышаны мен рәміздері – әр адамның қасиет тұтар құндылығы.

Ата Заңымыздың алғашқы бабында айқын жазылғандай, мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Тегіне, нәсіліне, ұлтына, тілі мен дініне байланысты ешкімді кемсітуге болмайды. Өйткені, Конституция бойынша адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.

Асыл дініміз – Исламда адамның қадір-қасиеті, ар-ожданы, наным-сенімі жоғары мәртебеге ие. Алла Елшісі: «Уа, халайық! ...Мына қала (Мекке) қандай қасиетті болса, жандарың, малдарың, намыстарың да сондай қасиетті, әртүрлі зорлық-зомбылықтан қорғалған...» – деп өсиет қалдырған. Құран Кәрімде «Бақара» сүресінің 256-аятында: «Дінде зорлық жоқ...» – деп баяндалған.

Адамзат баласы қауымдасып өмір сүруге бейім жаратылған. Қоғамдық тәртіп орнаған қауым қашан да өркениет көшінен қалмаған. Даңқты батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының:«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды», – деген ұлағатты сөзі көп жайтты ұғындырса керек...

Алла Тағала жұртымызға тыныштық, елімізге амандық берсін! Ата Заңымызды ардақтаған бейбіт сүйер халқымыздың берекесі тасып, ырысы молайсын. Ынтымаққа ұйысқан ұлтымызға татулық мәңгілік тұрақтасын деп тілейміз. Әмин!   

Серікбай қажы ОРАЗ, 
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары