Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Семинарда сертификат табысталды
28 тамыз, 2019 жыл 81 Басып шығару нұсқасы

Имамдар біліктілігін арттыру ісінде Қарағанды өңіріндегі семинар сабақтары жүйелі түрде жалғасын тауып келеді. «Мемлекеттік конфессияаралық саясат және экстремизмнің алдын алуды қамтамасыз ету» мәселесі бойынша Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Дін істері комитеті» мамандары мен РАНТ мүшесі Жанболат Жуматурұлының қатысуымен екі күндік семинар өтті. Қала және аудан мешіттерінен отыз имам қатысқан семинар барысында діни құндылықтар мен зайырлы қоғам арасындағы үйлесімдік, жат ағымдардың алдын алу ісіндегі біліктілік пен мәміле жасаудың тетіктері, дін насихатындағы байсалдылық турасында әдістемелер айтылды. Семинар соңында отыз сұрақтан тұратын тест алынып, жауаптардың нәтижесіне қарай ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы имамдарға сертификаттар табыстады. Діни сауаттылықты арттыратын семинар сабақтары алдағы күндерде де тұрақты өткізілетін болады.

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары