Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды облыстық мешіті «Мектепке жол» қайырымдылық шарасын өткізді
26 тамыз, 2019 жыл 232 Басып шығару нұсқасы

Жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке  жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында бастау алған шарасы облыстық «Әнет баба» мешітінде жаңа оқу жылы қарсаңында тағы да ұйымдастырылды. Бұл акцияның мақсаты – тұрмысы жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі  балаларға жаңа оқу жылына даярлық жағынан қолдау мен көмек  беру. Әлеуметтік бағыттағы бастама бойынша осы іс-шара шеңберінде 550 бала қамтылып, мектепке қажетті сөмкелер мен құрал-жабдықтар табыс етілді. Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы мен «Зекет» корпоративтік қорының ұйымдастырған ауқымды іс-шарасына ҚМДБ-ның қайырымдылық және уақып істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Бекбосынұлы және ата-аналар қатысты. Арнайы іс-сапармен келген Камалжан Тұрдыбаев ата-аналарға құттықтау сөз айтып, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ,  бөлім басшысы К.Тұрдыбаев жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, қайырымдылықтың екі дүниедегі сауабы турасында айтып өтті. Шараға қатысқан ата-аналар да дін қызметкерлері мен оқушыларға өздерінің ақ тілегі мен ризашылықтарын  жеткізді. Жалпы Қарағанды облысы бойынша 1000-ға жуық оқушыға көмек көрсету жоспарланды. Игілікті шара соңында балаларға балмұздақтар таратылып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқады.

 

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары