Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЖЫЛАР ТОЛЫҒЫМЕН ЕЛГЕ ЖЕТТІ
23 тамыз, 2019 жыл 32 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 9-да Мадинадан ұшқан рейс Шымкент қаласына келіп қонды. Бұл рейсте 149 адам болатын. Осылайша елден аттанған 3200 қажы туған жеріне толығымен оралды. Олар Мекке мен Мадина қалаларындағы зиярат орындарында болды. Отандастарымыздың еш қиындықсыз құлшылық жасауын Қазақстан қажылық миссиясының жұмыс тобы бақылаған болатын. Әр фирмаға тиесілі 18 дәрігерден бөлек, миссия қосымша 3 дәрігерді алып барды. Биыл күн өте ыстық болып қажылар аздап қиналғанымен, медициналық топ дер кезінде көмекке келді. Ең бастысы қажыларымыз парызын өтеп туған жерге табаны тиді.

https://www.muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары