Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Өңірімізде адал өнімдер өндіретін мекеме куәлік иеленді
23 шілде, 2019 жыл 806 Басып шығару нұсқасы

Бүгінде адал асқа деген сұраныстар артып келе жатқанының нәтижесінде өңірімізде халал тағамдар даярлайтын кәсіпорындар қатары көбейіп келеді. Адал ас – адам саулығының кепілі деген ұстанымды тұрмыста қолдануға көптеген мүмкіндіктер бар. Күмәнді қоспалардан таза, адалдығына шек келтірмейтін тағы бір кондитерлік мекеме тексерістен өтті. Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы 33-ші мекен-жайда орналасқан «Carla's Cake» ЖШС халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге және сатуға қойылатын жалпы талаптардың стандартанына сай екендігін растап, арнайы куәлікке ие болды.  Бұл жерде тәтті тағамдар мен торт өнімдері талғамға сай өндіріледі. Сондай-ақ арнайы тапсырыстар қабылдап, үйге жеткізіп беру мүмкіндіктері қарастырылған. «Халал» бөлімінің Қарағанды облысы бойынша өкілі Ысқақ Рахимбекұлы мекеме қызметкерлерінің "Халал" стандартқа сай жұмыстарын бақылап, адал астың адам ағзасына пайдасы жайында насихат жұмыстарын жүргізді.  Қарағанды облысы бойынша «Халал» бөлімінің тынымсыз еңбегінің нәтижесінде стандартқа сай мекемелер қатары артып келеді.  

 

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің баспасөз қызметі  

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары