Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Жастар ісі бөлімі жабырқаған жандарға құрмет көрсетті»
13 шілде, 2019 жыл 55 Басып шығару нұсқасы

Мешітке келіп құлшылық етушілер қатарынан бөлек Алладан дертіне шипа сұрап, рухани сусындап және кеңес тыңдайтындар қатары да артып келеді. Сондай сұраныспен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне Қарағанды қаласының №№1психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінен бір топ қонақтар келді. Қонақтарды наиб имам, «Жастар ісі секторы» бөлімінің меңгерушісі Нұржігіт Мұсабеков күтіп алып, қонақжайлық ниетпен мешіт асханасынан арнайы дәм татқызды. Жүйке сырқатына шалдыққандарға сабыр мен шүкір, төзімділік пен үміт турасында насихат айтып, рухани құндылықтардың адам бойына беретін күш-қуатын түсіндірді. Одан соң мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырып, қонақтарға ғибадат үйінің ерекшеліктерін атап өтті. Алла үйін асықпай аралаған сырқат жандар айтылған насихат пен өздеріне бөлінген дін қызметкерінің ыстық ықыласынан рухани қуат алғандарын білдірді. «Жастар ісі секторы» бөлімі жабырқаған жандардың жанынан табылу үшін, сан қырлы тәрбиелік мәндегі іс-шараларының жоспарына осы мекеме тұрғындарымен ай сайын мешітте кездесу ұйымдастыруды енгізді.   Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі  

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары