Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Әнет баба» мешітінде діни ағымның алдын алу жайында бағыты айқын семинар өтуде
11 шілде, 2019 жыл 37 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде қала, аудан имамдарының қатысуымен екі күндік кезекті семинар өтуде. Семинар барысында «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің магистрі, осы іргелі оқу орнының жанындағы экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының басшысы, дінтанушы Асқар Сабдин қазіргі таңдағы  әртүрлі кереғар діни ағымдардың алдын алу ісінде және рухани күйзеліске түскен жандармен оңалту жұмыстарындағы тәсілдер мен психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетудің тәжірибелерінен дәріс оқыды. Асқар Кәлімжанұлы дін мамандарына жастар тәрбиесіне қатысты мәселелерді қамтып, саналы қоғам мүшелерін қалыптастырудың маңызы мен осы уақыттағы «діни ауытқушылықтар» жайында кеңінен тоқталып түсіндірді. БАҚ өкілдеріне діни ағымға қатысты сұхбат берілді. Бүгінде ұрпақ тәрбиесі мен ұлт болашағының, ел тыныштығы мен діни тұрақтылықтың негізіне арналған ауқымды іс-шаралардың қатары артып, руханият тұтастығына бағытталған мақсаты айқын басқосулар нәтижесін беріп келеді.  

 

 

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі  

      

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары