Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ислам даму банкі Қазақстанмен жүйелі ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
04 маусым, 2019 жыл 34 Басып шығару нұсқасы

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) саммитінің 14-ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың Ислам Даму Банкі (ИДБ) тобының президенті доктор Бандар Хаджармен кездесуі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.  

Тараптар еліміздің ұлттық инвестициялық жобаларына Банктің одан әрі қатысуы мәселелерін талқылады. Қазақстан ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің инфрақұрылымдық интеграциясын көздейтін "Исламдық инфрақұрылымдық интеграция" Стратегиялық бағдарламалық құжатын әзірлеу туралы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын іске асыру шеңберінде ИДБ-мен ынтымақтастыққа мүдделі. 

Банктің Қазақстанның экономикалық даму бағдарламаларына қатысуы оның біздің елмен ынтымақтастықты дамытуға деген нық ниетін көрсетеді.

"Біздің мақсатымыз Қазақстанмен ынтымақтастықты күшейту және сіздің еліңізде исламдық қаржыландыру тетіктерін дамыту. Қазақстанды Люксембургтегі Сукук ислам бағалы қағаздары бойынша халықаралық конференцияға қатысуға шақырамын және мамандарды Банктің арнайы стипендиялық бағдарламалары бойынша оқуға жіберуге шақырамын", - деді Бандар Хаджар.

Сонымен қатар, сұхбаттасушы 500 миллион АҚШ доллар көлеміндегі бастапқы капиталдандырумен ИДБ-ның Ғылым және технологиялар жөніндегі фондын құру туралы хабардар етті.

Қазақстан тарапы ИДБ Президентіне Нұр-Сұлтан қаласында өткен халықаралық іс-шараларға, атап айтқанда 2017 жылғы қыркүйекте ИЫҰ-ның Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитіне, "Астана" Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) ашылу салтанатына және 2018 жылғы шілдеде "Astana Finance Days" форумына белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Бандар Хаджар АХҚО-ның Орталықты басқару кеңесінің мүшесі бола отырып, банктің АХҚО-мен ынтымақтастығы мәселелерін жеке талқылады. ИДБ мен АХҚО арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы Меморандум ТМД аймағында исламдық қаржыландыруды дамытуға ықпал етеді және ИДБ-ның осы саладағы құнды тәжірибесін зерттеуге мүмкіндік береді.

Қазақстан тарапы ИДБ-ны АХҚО базасында исламдық қаржы қызметтері индустриясын дамытуға белсенді қатысуға және басқа исламдық қаржы институттарын осы қаржы орталығымен, оның ішінде ИДБ құрылымдарын оқшаулау және АХҚО биржасында Сукук ислам бағалы қағаздарын шығару жолымен ынтымақтастыққа тартуға жәрдем көрсетуге шақырды.

Сондай-ақ, Қазақстанның ИЫҰ елдеріне экспортты дамыту үшін елеулі қаржы ресурстарын тартуға мүмкіндік беретін исламдық қаржыландыру жөніндегі Халықаралық Ислам корпорациясының Жарғысын ратификациялау рәсімін жеделдетіп аяқтауына назар аударылды.

Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі бүкіл әлем үшін өзекті болып табылады. Қазақстан осы салада белсенді жұмыс жүргізуде. Осыған байланысты Ислам Даму Банкіне көрсетілген қолдау үшін, оның ішінде штаб-пәтері Нұр-сұлтан қаласында орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы аясында алғысын білдірді.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында АҚИҰ Атқарушы кеңесінің екінші отырысын және Джидда қаласында Бас Ассамблеяның екінші сессиясын ағымдағы жылдың тамыз айында өткізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Анықтама: ИДБ халықаралық қаржы институты болып табылады және өз қызметін 1975 жылдың 20 қазанында ресми түрде бастады. Банктің штаб-пәтері Джидда қаласында орналасқан. ИЫҰ-ға барлық 57 мүше мемлекет ИДБ-ға мүше болып табылады.

Банк үлестік инвестициялар арқылы ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында перспективалы экономикалық жобаларды іске асырумен айналысады, жеке және мемлекеттік секторларда іске асырылатын кәсіпорындар мен бағдарламаларды несиелейді, сондай-ақ қызметіне банктің мүшесі болып табылмайтын елдердегі мұсылман қауымдарына көмек көрсетуге бағытталған арнайы қорларды құру және басқару функциясы кіреді.

ИДБ құрылған сәттен бастап ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында жалпы сомасы 1331,3 миллиард АҚШ долларын құрайтын жобалар мақұлданды. 2018 жылы ИДБ Африка, Еуропа, Латын Америкасы және Азия елдеріндегі жобаларды қаржыландырды.

islam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары