Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде қасиетті қадір түні өтті(фото)
02 маусым, 2019 жыл 183 Басып шығару нұсқасы

Барлық мақтау күллі әлемдердің Раббысы Аллаға тән!

Барша мұсылман қауымының көз қуанышы, раухани азығы мен байлығы. Ұлық мерекесі қасиетті Рамазан айының да аяқталуына санаулы күндер қалып, мың айдан да қайырлы  деп саналған Қадір түніне де жеттік! Рамазан айының соңғы он күніне жасырынған қасиетті түнді бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті жоғары деңгейде қарсы алу үстінде.

Бұл түннің салмағы мың айдан да қайырлы. Бұл хақында Құранда: «Қадір түні мың айдан да қайырлы», «Қәдір» сүресі, 3-аят - деп баяндалады.

Жылына бір рет Рамазан айында келетін қасиетті қадір түні Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде орын шаншыр жер болмады. Облыс өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа барша мұсылман қауымын Қадір түнімен құттықтап, қасиетті түннің берекеті жайлы уағыз насихатын жеткізді.  Қасиетті түні облыстық мешітне Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Аймағамбетов Асхат Қанатұлы келіп, барша қауымды қасиетті түннің келуімен құттықтап, өзінің ыстық лебізі мен ықыласын жеткізді.

Мұсылман жамағатына ауызашар дастарханы жайылып, барша жамағат қол жайып, қасиетті түні Алла Тағаладан дұға тіледі, Құран оқылды. Құран Кәрім хатым етіліп, барша жамағат тарауық намазын өткізді. Облыс өкіл имамы Құранды хатым еткен үш қариға құрмет танытып, алғысын білдірді.

Таң рауандап атқанша жалғасқан мешіттегі уағыз-насихат тыңдап, құлшылыққа ден қойған мұсылман қауымы бұл түні егеменді еліміз бен кең байтақ жеріміздің амандығын тілеп, бейбітшілігіміздің баянды болуын сұрады.

Қарағанды облыстық мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары