Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қос қайырымдылық өз жалғасын тапты (фото)
19 сәуір, 2019 жыл 263 Басып шығару нұсқасы

Бүгін, қасиетті жұма күні Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде жәрмеңке ұйымдастырылып, қос қайырымдылық жасалды. Осыдан дәл бір апта бұрын жасалған қайырымдылықтың жалғасы ретінде   Нұр-Мүбарак университетінің студенті Сұлтан Едіге Нысанбекұлына және София атты кішкентай қарындасымызға тағы да жәрмеңке ұйымдастырылды. Қайырымды жандар мен демеушілердің, жанашыр адамдардың арқасында (1 000 000) бір миллионға жуық қаражат жиналып, науқас жандардың есеп шоттарына аударылды. Халқымыз «Садақаны сауыңда бер» деп бекер айтпаған.  Сіз де сауапты іске ат салысып, еліме, дініме қызмет етсем деген азаматтың арамызға аман-есен қосылуына ат салыса аласыз. Естеріңізге сала кетсек, Сұлтан бауырымыздың еміне 56 млн теңге қажет етілген болатын. Аталмыш жәрмеңке алдағы жұма күндері өз жалғасын тауып, тиісті қаражат толықтай жиналмайынша өз жұмысын жалғастырмақ.       

Осындай игі істің басында жүріп, қолдан келетін барлық көмектерін аямай көрсетіп жатқан барша мұсылман қауымға, жанашыр азаматтарға Алла Тағала разы болып, екі дүние бақытын нәсіп етсін!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары