Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Тағы бір елде бір жолғы пластик пакеттерге тыйым салынды
29 наурыз, 2019 жыл 193 Басып шығару нұсқасы

Сәуір айының 1-нен бастап Оңтүстік Кореяда бір жолғы пластикті өндіруге және тұтынуға тыйым салынады. Бұл жайында кәрістердің Yonhap ақпарат агенттігі аталмыш елдің қоршаған ортаны қорғау министрлігіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Бұл шектеу шарасы ел аумағындағы барлық сауда желісіне қатысты, дәлірегі, 2000 гипермаркет пен 11000 супермаркеттерге, сондай-ақ, 165 шаршы метрден аса аумақты алып жатқан кез келген дүкендерге бір жолғы пластик пакеттерді қолданбау турасында талап қойылып отыр. Аталмыш ереже талаптарын бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшері - 2650 доллар. Десе де жануарларға, жеміс-жидек пен тез еріп кететін сүт өнімдеріне (балмұздақ) пластик пакеттерді және контейнерлерді пайдалануға рұқсат етілген. Осылайша таңғы шық елі қоршаған ортаны қорғау бағытында маңызды қадам жасап отыр.

islam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары