Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жезқазғанда жаңа мешіттің қазығы қағылды (фото)
04 наурыз, 2019 жыл 1581 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Жезқазған қаласының жұртшылығы жақсы жаңалыққа куә болды. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Қарағанды облысы бойынша өкілі Өмірзақ қажы Қазкенұлы, Жезқазған қаласының бас имамы Тағаев Нұрбол Сайлауұлы, ҚМДБ-ның  «Халал Даму» ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша өкілі Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлының және қаланың құрметті азаматтары мен жамағатының қатысуымен жаңа мешіттің қазығы қағылды. Естеріңізге сала кетсек,  кәсіпкерлердің демеушілік етуімен және қайырымды жандардың көмегімен жаңа мешіттің бой көтеру жоспары алға қойылған болатын.

Бұл рухани  іс-шараға Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ Қазкенұлы Бекқожа  арнайы келіп, мешіт салынатын жерге қазық қағып, алғашқы іргетасын қалау рәсімін өткізді. Сондай-ақ, жамағатқа өзінің ыстық лебізін білдірді. Құран оқылып, уағыз-насихат айтылды. Осы сауапты іс үшін арнайы мал сойылып, дұға жасалды.

Рәсім аяқталған соң  барлық жамағат бір ауыздан Жезқазған қаласының «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінде жайылған дастарханда бас қосты. Дәл сол уақыт аралығында жаңа мешіттің құрылысына 60 000 000 (алпыс миллион) теңге жиналып үлгерді. Сонымен қоса, қала белсенділері де мешіт құрылысына ат салысып, қаржылай көмек беретіндерін жариялады. Осындай белсенділікпен басталып кеткен игі іс көктемде толықтай жүзеге асып, құрылысты бастамақшы. Әрине, алдымен мешіттің құжаттарын бір жақты ету жоспарланып отыр.  Алдағы уақытта аталмыш мешіттің құрылысына көмек көрсетіп, қол ұшын беремін деуші мұсылман жандарға толық ақпарат берілетін болады.

Алла үйін салып, құлшылық орындарын көбейту сауапты әрі игі іс. Осы іске бастамашы болған барлық азаматтарға Алла Тағала разы болсын!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары